Бай-қуатты болайық!

Қазаққа «Бай-қуатты болайық!» деп қанатты сөз қалдырған қарымды қаламгер, республикаға аты белгілі даңқты журналист Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай Атырау облысының әкімдігі қолдауымен жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өткен болатын. Көрмені тамашалауға зиялы қауым көп жиналды. Оған қаламгердің жан-жары Қарлығаш және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Берғалиев Алматыдан арнайы келіп қатысты.
Ертесіне арнайы топ біздің өңірге сапар шегіп, Мұрат Мөңкеұлы, Малайсары би, Махамбет және бард ақын Табылды Досымовтың зиратына барып, құран оқып, тағзым етті. Одан соң аудандық «Дендер» газетінің тынысымен танысып, ықылас кітабына қолтаңбаларын қалдырды.

img_7048
Редакциядағы шағын кездесуде Нұртілеу Иманғалиұлының қазақ журналистикасына қосқан үлесі, елінің жоғын түгендеп, мемлекетіміздің тұрақты дамуы жолындағы қосқан үлесі әңгіме өзегіне айналды. Енді оның көрмесі бүкіл Қазақстан бойынша ұйымдастырылмақшы. Осылайша өзі өмірден өткенмен өнегелі жолы енді ұрпақ кәдесіне жарайтынына сенім мол. Газет редакторы журналистің жары Қарлығашқа ауданның шежіре кітабын тарту етті.
Құрамында ақын Алия Даулетбаева бар елге келген қонақтарды аудандық мәслихат хатшысы Багдат Сапаров, газеттің бас редакторы Жанай Амантурлин арнайы күтіп алып, құрмет көрсетті.

 


Өз тілшіміз

whatsapp-image-2022-09-23-at-08_21_44

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521