Бағдаршамды "байқамаған" жүргізуші жазаланды

Индербор кентінің ішінде  бағдаршамның тыйым салынған (қызыл) белгісіне тоқтамай өтіп кеткен жүргізуші жазаланды. 

Аудандық полиция бөлімінің хабарлауы бойынша, ол ұйымдастырылып жатырған "Құқықтық тәртіп" Жедел профилактикалық іс-шарасы аясында 20.04.2021 жылы патрульдік полиция қызметкерлерінің күндізгі ауысымы кезінде белгілі болған. Жүргізушінің  жеке басын анықтау кезінде бұрын заң шеңберінде жүргізуші куәлігінен айырлғандығы да анықталды.

Осы азаматтың алғашқы іс-әрекетіне ҚР ӘҚБтК-нің 685 бабын басшылыққа ала отырып, өзінің құзыреті шегінде лауазымды тұлға тыйым салынған бағдаршам белгісіне өтіп кеткені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 599 бабының 1 бөлігімен айыппұл салып, осы әрекетін жасау кезінде жүргізуші куәлігі болмай тұра көлік басқарғаны үшін лауазымды тұлғаның қатысуымен ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабының 3 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырып, іс-құжат Индер аудандық сотының қарауында қаралып аталған тұлғаның іс-әрекетіне 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз