Бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған

Аудандық сотта ҚК-нің 188- бабы 1-бөлігімен ұрлық жасаған, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған Б.И.Д.есімді азамат өзіне тағылған айыпты толық ойындады.

Сөйтсек, Б.И.Д. жазғы сарайда зардап шегуші А.С.А.-мен ішімдік ішіп, ол ұйықтап қалғанда шалбарына қол сұғып 50 000 теңге ақшасын, көлік жүргізу куәлігін, «Каспий голд» және «Алтын банк» карточкаларын ұрлап алған көрінеді.

Кінәсін мойындаған айыпталушы қазіргі кезде жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқандарын, қылмыспен келтірілген залалдың орнын толтырғанын айтып, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Кәсіби емес медиатор Б.Құнастың қатысуымен жасалған медиациялық келісімнің шартына сәйкес сотталушы жәбірленушіден кешірім сұрап, келген залалдың орнын толтырғаны, жәбірленушінің залалдың орнын толтыруына байланысты сотталушыға кешірім беріп, өзара татуласқаны көрсетілген.

Осылайша А.С.А.-ның азаматтық талаптан бас тартуына байланысты іс жүргізу тоқтатылуға жатады деген қаулы қабылданды.

 

Индер аудандық соттың баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521