БҰРЫНҒЫ МЕКТЕП БАЛАБАҚШАҒА АЙНАЛДЫ

Ауданымыздың «Барлаушы» мөлтек ауданында жаңадан 80 орындық балабақша пайдалануға берілмек.

Кент әкімінің бас маманы Эльмира Саркенованың айтуынша, бұрынғы С.Сейфуллин атындағы орта мектеп базасына 2017 жылы облыстық құрылыс бөлімінің тапсырысымен қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған 264 млн 217 мың теңге қаржы бөлінген. Бұл құрылысты «Данстройбаза» ЖШС міндетіне алып, балабақша ғимараты талабына сай жасақтаған. Қазіргі таңда оның құжаттары Әділет департаментіне жолданып отыр. Басшылық тараптан рұқсат етілсе шілде айынан қолданысқа беріледі деп күтілуде. Оған кезекті тізім бойынша 80 бала қамтамасыз етіледі.

"Дендер"-Ақпарат

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21