Атырау облысының әкімі Серік Жамбылұлының аудан халқымен кездесулерінде тұрғындар тарапынан ауыр жүк көліктеріне арналған жүк өлшеу құралдарын орнату бойынша мәселе көтеріліп жүргені белгілі.
Осыған орай, облыс аумағының үш жерінен, атап айтсақ Индер ауданы Жарсуат ауылдық округінің “Құрайлы-Сай” каналының тұсы, Индербор кентіне 7 км кірме жолда және Атырау қаласының кірме жолындағы “Соколок” каналының тұсынан автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату жұмыстары басталды.
Бұл салмақ өлшеу станциялары шамадан тыс ауыр жүк тиеген көліктерді автоматты анықтап, заң талаптарын сақтамаған жүк көліктерін бақылап отыратын болады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі