Ертеңнен бастап автомобильмен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік және еңбек тәртіптерін арттыру, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану фактілерін анықтау мақсатында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шілденің 23-28-і аралығын қамтитын шара барысында бұған қоса заңсыз жолаушылар тасымалдаудың жолын кесу, жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын (ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынастар) азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру ісіне басымдық беріледі.
Б.Кайржанов,
Индер АПБ ЖПҚБ бастығы
полиция подполковнигі