Аудандық кітапханада зияткерлік сайыс өтті

"Не? Қайда? Қашан?" зияткерлік ойыны әлемнің көптеген қалаларында танымал.

Индер аудандық кітапхана мен "Көктем" қазақ орта мектебі ұжымының бірлесуімен ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай оқушыларға ақын Абай мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында "Абай - қазақ руханиятының қазынасы" тақырыбында "Не? Қайда? Қашан?" зияткерлік ойыны өтті.

ne

Ойынға "Көктем" қазақ орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларынан құрылған команда қатынасты. Ойын барысында Қазақстан КВН Одағының төрағасы Есен Елеукен, "Қазақ" радиосының редакторы, журналист Жанболат Шәкім, журналист Азамат Тілепов және Жастар орталығының басшысы А.Қабижан бейнесұрақ жолдады. Бейнесұрақ жолдауда мектеп оқушылары мен студенттер де белсенділік танытты. Оқушылар Абай туралы білгендерін есіне түсіріп, білмеген сұрақтарының жауабын алды.

ashan

Кітапханада өткен шара оқушыларды бір серпілтіп, білімдерін жетілдіруге мүмкіндік берді. Ойын соңында барлық қатынасушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521