ЖАСТАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ - ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ, ОЛАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ, ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ҒЫЛЫМ САЛАЛАРЫНДА ТЕРЕҢ БІЛІМ МЕН ДАҒДЫЛАРДЫ МЕҢГЕРТУГЕ ЫНТАЛАНДЫРУ МАҢЫЗДЫ. ОСЫНДАЙ МАҚСАТПЕН АУДАНДА «ATYRAU ROBO» ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ.
Облыс жастарына жаңа мүмкіндіктер мен дағдыларды меңгеруге жол ашатын маңызды фестиваль екі кезеңге бөлінеді. «Көктем» қазақ орта мектебінің базасында өткен аудандық кезеңде оқушылар ARDUINO және электроника, 3D модельдеу мен басып шығару, STEAM тәсілі арқылы жоба жасау курстары - нан өтіп, арнайы заманауи технологияларды пайдалану арқылы өз қолдарымен практикалық жұмыстар жасады.
– Фестиваль аясында облыстық кезеңде қатысушыларға шеберлік сағаттары, жарыстар, Hackathon, лекциялар, экс - курсиялар, көрмелер ұйымдастырылып, белгілі спикерлердің қатысуы қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, білім саласындағы мекемелер, ұйымдар, белсенділер және басқа да кәсіптік оқу орындары мен жеке орталықтар шақырылады. Жалпы жоба соңына дейін Атырау облысының 7 ауданында 200-ден астам қатысушы сертификатталмақ. Бұл бастама оқушылардың шығармашылық және инженерлік дағдыларын дамытуға, техникалық білімдерін жетілдіруге және ғылым мен технология саласына деген қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізеді. Жоба арқылы жас ұрпақтың инновациялық ойлау қабілетін дамыту және болашақта оларды ғылыми- техникалық салаға тарту көзделген , – дейді "АtyrauRobo" жастар фестивалінің ұйымдастырушысы Нұрсейіт Жәнібек.
Фестиваль соңында қатысушы оқушылар ARDUINO және элек - троника, 3D модельдеу және басып шығару, STEAM тәсілінде тәжірибе жасау бойынша 36 оқушыға сертификат берілді. Ал, инженерлік шешімдер байқауында 36 оқушы 6 адамнан 6 топқа бөлініп, көпір құрастырудан сайысқа түсіп, әр 3 команда жеке - лей марапатқа ие болып, 18 оқушы ынталандыру сыйлығын алды. Айта кетейік, фестиваль облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, "Gylym Dauiri" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, сондай-ақ облыстық білім беру басқармасымен өзара серіктестік меморандумы негізінде жүзеге асырылуда.
Жадыра НАРИМАНОВА