Атыраулық журналистің ауданға сапары

Белгілі журналист, "Атырау" телеарнасының директоры Қанат Әуесбай арнайы шығармашылық жобалары аясында іс-сапармен Индер ауданында болды.

Алдымен жергілікті ақпараттың бірден-бір көзі, өңірдің рухани ордасы "Дендер" газеті редакциясына ат басын тіреп, баспасөз тынысымен танысты. Журналистиканың бүгінгі жай-жапсары жөніндегі ойымен бөлісті.

Сондай Алматыдағы Республикалық Ұлттық кітапхана архивінен алынған газеттің 1937 жылдан бергі тікпесін көріп, латын әрпімен сол кезде жарық көрген материалдарды оқып көрді.

zhanaj

-Мен аудандық газеттің осыншама қоры барына, оны көзінің қарашығындай сақтайтын редакция ұжымына риза болдым. Өткен жылы газеттің 85 жылдығына сол кездегі Атырау облысының әкімі Н. Ноғаевтың өзі келіп құттықтауы кездесе бермейтін нәрсе. Ол- газеттің мерейі мен беделінің арқасы,- дей келе табыс тіледі.

Сондай-ақ түс ауа Тұзбұлаққа барып,  "Аспан астындағы Атырау" жобасы аясында түсірілім жасады. Жоба авторы Қанат Әуесбай, режиссері Қанат Елеуов, операторы Қуаныш Құдайберген. Ол алдағы телеарнадан арнайы беріліп тұрады.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521