Атыраулық жас өнерпаз Нұршатқа қолдау білдірейік!

Халықаралық «Новая звезда-2018» байқауының, Халықаралық «Премия нового формата-2020-2021» және ІІ халықаралық «Звезды мира-2019» (Нұр-Сұлтан) байқау-фестивальдарының Гран-При иегері, Халықаралық «Ақбөбек-5» (2018) фестивалінің, «Звездички» (Европа, Македония, 2019) балалар фестивалінің, «Атырау Мюзик Фестиваль-2019» І орын жүлдегері, жас өнерпаз Нұршат Кусанова атыраулық жерлестерінен қолдау күтеді.

№34 көп салалы мектеп-гимназиясының V сынып оқушысы Нұршат елімізде өтіп жатқан «Евровидение Казахстан-2020» конкурсына қатысып, 684 үміткердің ішінен жартылай финалға іріктелген 30 жас өнерпаздың қатарына енді.

Конкурстың финалына өту үшін дауыс жинау онлайн режимде өтеді. Ақтық сынға ең көп дауыс жинаған 12 үміткер қатыспақ.

«Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу!» Атырау қаласының намысын қорғап жүрген Нұршат Кусановаға қолдау көрсетейік. Дауыс берейік! «Хабар» телеарнасы арқылы онлайн дауыс беру 31 тамызға дейін жалғасады.

«Atr.kz»

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика