Атыраулық полицейлер бейнекамера көмегімен 14 мыңға жуық құқық бұзушылық анықтады

- Жедел басқару орталығының қызметі бір секундқа да тоқтамайды. Барлық жедел ақпарат осында келіп түседі.

Атырау қаласының аумағында 759 бейнебақылау камерасы орнатылған. Осы жүйенің көмегімен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және ашу арқылы қоғамдық тәртіпті қорғау жүзеге асырылады- деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

- Мәселен, 2021 жылдың ағымдағы кезеңінде бейнебақылау жүйесін тиімді пайдалана отырып, 300 астам қылмыс және 13 839 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қылмыстардың ішінде ұрлық, ұсақ ұрлық, бұзақылық сияқты қылмыстар бар. Сонымен қатар, бейнебақылау камераларымен анықтайтын әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі - алкогольдік ішімдіктерді пайдаланған күйде көлік тізгіндеу немесе көшеде, қоғамдық орындарда мас күйінде болу, темекі тұқылдарын, тұрмыстық қоқыстарды тастау, – дейді Жедел басқару орталығының бастығы полиция подполковнигі Асқар Атамкулов.

Одан басқа, ағымдағы жылы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларымен жол жүру ережелерін бұзған 10 мыңнан астам жүргізуші, ұсақ бұзақылық фактілері бойынша 3 606 адам анықталып, барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT