Атырауда құрылыс материалдары өндірілетін өндіріс орны ашылды

Атырауда «DUSCAFF» компаниясының өндірістік филиалы ашылды, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған компания құрылыс ағаштарын өндіру мен жеткізуде әлемдік нарықта көшбасшы брендтердің бірі. 2003 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан аталмыш компанияның өнімдері – британдық, америкалық және еуропалық стандарттарға сай. Өндірістің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Айбек Крамбаев арнайы қатысып, компанияның өңірде атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі.

- Халықаралық компаниялармен ынтымақтастықты күшейту - бізге жергілікті өндірісті дамытуға көмектеседі. Компания өнімдерінің халықаралық стандарттарға сай болуы да осы бағытта септігін тигізбек, - деді Айбек Крамбаев.

Айта кетейік, компания өкілдері келешекте аталған салада жергілікті мамандарды дайындауды жоспарлап отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521