Атырауда ерекше балаларға 7 000 сертификат табысталды

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен білім күні қарсаңында «Айналайын» қайырымдылық марафоны өтті.

Ол ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды. Іс-шараға Боран Нысанбаев атындағы қалалық орта мектебінің инклюзивті сынып оқушылары, олардың мұғалімдері мен аналары және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

- Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Қазір инклюзивті білім беруге көп көңіл бөлінуде. Осыған байланысты Атырау облысында арнайы кеңес беру, түзету кабинеттері жұмыс істейді, мектеп-интернаттар жанынан Оңалту орталықтары іске қосылды, ал қарапайым мектептерде жаңа форматта инклюзивті сыныптар ашылуда. Ерекше балаларға психологиялық, медициналық, педагогикалық кеңес беру үшін облыс орталығында арнайы орталық салу жоспарлануда,- деп өңір басшысы балаларды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтады.

sert7000

Ата-аналар мен демеушілер атынан ерекше балаларды тәрбиелеп отырған Гүлдәурен Арыстановаға алғысын білдірді. Өңір басшысы барлық балаларға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін сауда орталықтарына сертификаттар табыс етті. Облыс бойынша осындай сертификаттарды 7000-нан астам бала алды.

Оның 3000-нан астамы Атырау қаласында тұрады. Айта кетейік, бас демеуші «Ембімұнайгаз» АҚ болды.

Ләззат Сәлімова

sert70007000

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT