Атырауда - дирижерлер шеруі

Бүгін Атырауда республикалық дирижерлер шеруі өтеді.  

​Атырау облыстық мәдениет, архив ісі және құжаттама басқармасының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отырған шеру Балықшыдағы халық шығармашылығы орталығында өткізіледі. Оған ел көлемінен тоғыз танымал оркестрге жетекшілік етіп жүрген дирижерлер қатысады.

Айта кету керек, дирижерлер шеруі  Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы Қаршыға Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрінің құрылғанына 35 жыл толуына арналады.  ​

Күй өнерінің құдіретін оркестрдің үнімен және сүйемелдеуімен жеткізіп, жүректі баурап, құлақ құрышын қандыруды мақсат тұтқан рухани шарада ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан балаға мирас болған халық композиторларының шығармалары, Қазақстан композиторларының туындылары орындалады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз