Атырауда автобус жүргізушілері мүгедектерге арналған пандустың бар екенін де білмейді

Атырау қаласындағы қоғамдық көлік жүргізушілері автобустарда мүмкіндігі шектеулі жандардың мініп-түсуіне арналған пандустың барын, тіпті оны пайдалану әдісін де білмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы қоғамдық көлік қызметіне мониторинг жүргізген «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Альфия Әдиева мәлім етті. «Біздің кеңсеге мүмкіндігі шектеулі жандар жиі шағым айтып келеді. Олардың айтуынша, қалаішілік маршрутта қатынайтын автобустар пандуспен жабдықталған. Алайда, оны пайдалану мүмкін емес. Осыған орай жобалық кеңсе мамандары бір апта бойы қоғамдық көлік қызметіне мониторинг жүргізді. Атырау қаласында №7, 10, 14, 20, 53, 58 маршруттардағы 50-ге жуық автобуста пандус бар. Құлсары қаласында дәл осындай жабдығы бар 10 автобус қатынайды. Бірақ, пандус пайдаланылмаған. Автобус жүргізушілері қоларбада отырған мүгедекті мінгізбеу үшін аялдамадан асып тоқтаған фактілер кездесті. Рейд кезінде жүргізушілердің автобуста пандус барын білмегені де анықталды. 3 жүргізуші пандусты пайдалану әдісін білмейді» -дейді «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Альфия Әдиева.

Қоғамдық көліктегі мұндай кемшілікті жою үшін мониторинг қорытындысы қалалық әкімдік пен тасымалдаушы компанияға жіберілді.

inform.kz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика