Атырауда қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға өтінім қабылдаудың 1-ші легі басталады

Биыл өтінімдер 4 рет қабылданып, соның шеңберінде 300-ге жуық адамға мемлекеттік грант беріледі деп күтілуде. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті деп, хабарлайды облыстық Өңірлік Коммуникациялар қызметі
 
-2023 жылдың 20 ақпанынан бастап business.enbek.kz порталында грантқа өтінім қабылдаудың бірінші легі басталады. Оған, мүгедектігі бар адамдар, «қандас» мәртебесі бар адамдар, өңіраралық қоныс аударушылар, аз қамтылған отбасылардың мүшелері, көпбалалы отбасының мүшелері оның ішінде жұбайы немесе зайыбы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған адам мен асыраушысынан айырылып жәрдемақы алушылар үміткер бола алады. Ал, грант көлемі 400 АЕК-ті құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.Сондай-ақ, Үміткерден соңғы үш жыл ішінде алған "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздері бойынша курсты аяқтағаны туралы сертификат талап етіледі – дейді, А.Мәмбетов.
 
Басқарма басшысының айтуынша, өтінім қабылдаудың алғашқы легінде 80-нен аса үміткер грант алады деп жоспарлануда.
 
Айта кетейік, грант беру туралы шешім комиссиялық түрде және үміткерлердің бизнес-жобаларын бағалаудың нақты өлшемшарттары негізінде қабылданады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз