Атырау мәдениетінің ақтаңгері өмірден өтті...

Жалған дүниеден жерлесіміз, "Дендер" газетінің түлегі, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл аға Жылқышиев 75 жасқа толар шағында өмірден өтті. 
Ол 1948 жылы 24 қазанда Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық кеңесіне қарасты Жаманқұдық жайлауында дүниеге келген. 1975 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ теледидарында қызмет істеген. «Өнерпаз» қоғамдық қайырымдылық қорының және Республикалық «Махамбет» қорының президенті болды. Өмірінің соңғы жылдарында Қазақстан жазушылар одағының Атырау облыстық филиалының директоры болып қызмет атқарды. «Тамаша» ойын-сауық отауын ашқаны үшін авторлық куәлік берілген. 
«Тұңғыш», «Мұң-кітап», «Асаукер», «Шер жүрек», «Қай қазақтан кем едім», «Адамда сыр болмайды айтылмайтын» жыр кітаптарының авторы.
1996 жылы М.Өтемісұлы туралы публицистикалық мақалары үшін Қазақстан Журналистер одағының А.Байтұрсынов атындағы сыйлығын алды.Сондай-ақ Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты.
Махамбет мұрасын жоқтаушы, абзал ағамыздың алдынан жарылқасын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз