Астанадан ауылға келіпті

Жарсуат ауылының өрені Берік Шакимов ауылда қатардағы мұғалімнен бастап, ауданда бірқатар лауазымдық қызметтерді абыройлы атқарды.

Бүгінде отбасы жағдайына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Елордада жұбайы Қазына Абдрахманова екеуі де мұғалімдік қызметін жалғастыруда.

Ұлы Жанболат Шәкімнің Қазақ радиоларының күнделікті жаңалықтарын жеткізген жағымды даусы бәрімізге таныс. Жазғы каникулда туған жеріне келген Берік Жеңісұлы бүгін ауылдағы сайлау учаскесіне барып, қызы Алтынай мен күйеу баласы Дидар үшеуі даусын берді.

—Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Ата Заңымызға үлкен өзгерістер енуде. Референдумнан үлкен үміт күтемін. Дауыс беруді өзімнің азаматтық парызым санаймын. Еліміздің одан әрі даму жолына түсіп, өркендей берсін. Барлық жерлестеріме сәлем жолдаймын, —дейді Берік Жеңісұлы.

С. Сансызбайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521