Арнайы клубтың артықшылығы

Биыл – балалар жылы. Осыған орай музей жанынан «Жас экскурсоводтар» клубы құрылды.

Бүгінде ауданымыздың С.Сейфуллин, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептерінің 7 сынып оқушылары арасынан 15 оқушы мүше болып кірді. Таяуда клуб мүшелерімен жиналыс өткізіліп, олар музей жұмысымен толыққанды танысты.

Қазіргі кезде жас экскурсоводтар музейдің экспозициялық залдары бойынша қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі сілтемелермен дайындалу үстінде. Клубтың мақсаты - жас ұрпақтың музейге деген қызығушылығын арттыру, халық алдында ашық сөйлеп, ойын нақты жеткізе білуге баулу, сөздік қорын байыту, экскурсиялық қызметтің қыр-сырын үйрету, сондай-ақ, жас экскурсоводтардың білімін, алғырлығын, батылдығын шыңдау мақсатында музей ішінде өтетін іс-шараларға қатыстыру жоспарда бар.

Гүлзар ТҮСІП,

аудандық музейдің экскурсоводы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521