Қара машинамен жеткен қаралы хабар

Жерлесіміз Абат Далабаев Ауғанстан алапатында қыршынынан қиылды. Одақтың солақай саясатының зардабы бейбіт күнде талай отбасына осындай қасірет әкелді. Жат жерде опат болған жауынгердің анасы Оқиза апаймен әңгімелескенімізде соғыс зардабын терең ұғына түскендей болдық.

Бөдене ауылында туып-өскен Абат Жалғасұлы 1984 жылдың күзінде Отан алдындағы борышын өтеуге кәмелет жасына толмай аттанады. Құрдастарының бәрі әскерге аттанып бара жатқанда қалыс қалғанға намыстанып, өзі өтініш жазып кетіпті. Алдымен Түркіменстан астанасы Ашхабатта саперлік дайындықтан өтеді. Келесі жылдың мамыр айында Абаттан Ауғанстанға аттанып бара жатқаны туралы хат келеді.

– Баламның әскердегі борышын шетелде жалғастырамын деген хабарына алғашқыда қуанып қалыппын. Қайдан білейін, Ауған елінің соғыстан көз ашпай жатқанын. Бірақ ауылда отырған бізден не қайран. Әскери бұйрық бізбен санаса ма, - дейді Оқиза апай сол кезеңді еске ала отырып.

Абат анасына уайымдамасын деген болар, Ауғанстанда жағдайларының жақсы екендігін айтып, хат жазып тұрады. Тіпті тау басында гитарамен ән салып тұрған фотоларын да жібереді.

Толығырақ газетіміздің 14 ақпандағы санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз