Ақ халаттылар да акцияға атсалысты

Индерліктер әр күн сайын үй-жайымен қатар қоғамдық орындардың да тазалығын сақтап «Таза Қазақстан» акциясына  атсалысуда.

Соның бір дәлеліндей, бүгін аудандық орталық аурухана ұжымы «Жеңіс саябағының» ішіндегі шашылып жатқан қоқыс қалдықтарымен қатар арамшөптерді жұлып, тазартып, теректердің айналасын қопсытты.

  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай, өңір-өңірде «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр. Ол тазалықты ғана насихаттайтын емес, халықты еңбекқорлыққа, бірлікке шақыратын шара деп ойлаймын. Қазір бұл жерде біздің 50-ге жуық қызметкер қатысуда. Бүгін жұмыс күні болғандықтан көбі келе алмады. Жалпы біз қайбір сенбіліктен де шет қалып көрген емеспіз, - дейді аудандық орталық аурухана директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Салауат Кашкенов.

Саябақтан жолықтырып қалғанымызда аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин де бұл акцияның  жалғаса беретіндігін жеткізді.

Ия, туған жердің тазалығын сақтау - жергілікті тұрғындардың міндеті ғана емес, парызы. Сондықтан туған жеріміздің тазалығы үшін өз үлесімізді қосудан жалықпайық.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521