Қайта өңдеу зауыты керек

Жыл өткен сайын елімізде халықтың саны өсуімен бірге азық-түлік, тұрмыстық заттарды көбірек пайдаланады.

Соған байланысты қоқыс та көбейіп, оның құрамы да өзгерді. Келешекте де елдімекендерде халықтың саны артатынын ескерсек, бұл мәселе күрделенетіні түсінікті. Аудан көлемінде елдімекендерде қоқыс төгетін арнайы по - лигон бар. Бірақ, сол полигондарға тұрғындар ретсіз төккеннен қоршаған ортаға зардабы бар екенін ескермейтін сыңайлы. Бүгінде Жайық өзенінің жағасына, тоғайдың шетіне, ауылдың шетіндегі қара жолдың бойына қоқыс төгу тыйылмай тұр. Бұл мәселені болашақта қалай шешуге болады? Әлемелдері болса қоқысқа қатысты күрестің әр түрлі амалдарын ойлап, қарастыруда. Мысалы, Швеция қоқысты өзге елдерден сатып алатын көрінеді. Бүгінде бұл елде қоқыс тапшылығы орын алуда. Аталған ел қоқыстан энергия көзін алады екен. Ш в е ц и я д а қ о қ ы с өңдейтін 32 зауыт болса, елін электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз етеді. Дерек көзіне сүйенсек, 80 мың үйді жылумен, 250 мың үйді электр энергиясымен қамтиды. Өртенген қоқыстың күлі қоршаған ортаға, экологияға тигізер зияны өте аз деп есептейді. Күлінің өзін сұрыптап қайта өңдейді. Алынған қалдықты жол құрылысына пайдаланады.Қоқыстан шыққан түтіннің 99,9 пайызы улы емес, оны құрғақ сүзгімен судан өткізіп алып, сүзгідегі шлакты шахталардағы бос қуысқа қадеге жаратады.

Болашақта біздеде шетелдік технология - мен қоқыс өңдейтін зауыт салынып, іске қосылса, шикізаттан тапшылық көрмей, өзін-өзі ақтайды деп есептеймін. Өткен жылғы аудан орталығында өткен бір жиында Елтай ауылдық округінен косметикалық бұйымдар шығаратын зауыттың орнына қоқыс өңдейтін зауыт неге салмасқа деген сұрақ қойдым. Сол кезде ол өзінөзі ақтамайды деп жауап берді. Мен экономист, ғалым емеспін. Қарапайым жұмысшы болғанмын. Ой жүгіртіп қарасам, Жайық өзенінің екі жақ бетінен Атырау-Орал тас жолы өтеді. Аудан орталығыИндерге теміржол келіп тұр. Терістігімізде Батыс Қазақстан облысымен шектеседі. Көршілес Қызылқоға, Махамбет ауданы бар. Күні бүгінге дейін облысымызда қоқысты өңдеген емес, шетелдерге шығарылған жоқ. Біз жердің асты-үстін қопарып қазба байлығын алып пайдалануға ғана « шеберміз». Оның қалдығын, қоқысты өңдеп табыс көзіне айналдыруға мүмкіндік қарастырған жөн. Ауыл-ауылда тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын арнайы пункттер ашса, қабылданған қалдыққа ақшасын берсе тазалыққа деген әр адамың ынталы болар еді. Бұл мәселені тиісті орындар ғылыми тұрғыдан қарастырғаны жақсы.

Қуанғали АРОНОВ,

зейнеткер, Есбол ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT