32 отбасы баспаналы болды

Бірлік ықшам ауданы, АТП-1, АТП-2 мекен-жайындағы апатты деп танылған тұрғын үйлерден 32 отбасы Жұлдыз ықшам ауданына қоныс аударды – деп, хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мен жатаханаларды көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен сәтті іске асырылуда. Мәселен, өткен жылы Құнанбаев №13 және Досмұхамбетов көшесіндегі 2 жатахана Береке ықшам ауданындағы жаңа үйлердің біріне көшірілсе, биыл 2 апатты үйдің тұрғындарына жаңа пәтер кілті табысталды.

Атап айтқанда, Әуезов №22 үй Жұлдыз ықшам ауданына, ал Достық №14 үй тұрғындары Береке ықшам ауданына көшірілді. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта жоспардағы апатты деп танылған жатаханалар мен тұрғын үйлерді көшіру жұмыстары жалғасады. Айта кетейік, баспанамен қамту, көшіру сынды шаралар т ұрғын үй құрылысының аяқт алуына қарай жүзеге асады

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз