12 сәуірден бастап бензин 11 пайызға қымбаттайды

Сурет ашық дереккөзден алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов елімізде бензин мен дизель отынының бағасы сәуір айының қай күнінен бастап өсетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы орайда ол тиісті бұйрықтың жобасы бүгін жарияланатынын мәлім етті.

«Бұйрық бүгін жарияланса, 12 сәуірден бастап күшіне енеді. Яғни 12 сәуірден Қазақстанда бензин (АИ-92 және АИ-93) мен дизель отынының бағасы өседі», - деді Б. Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы өседі. Осы тұрғыда АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинге баға литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін жеткізілмек, өсім – 11%. Дизель отынының бағасы литріне 295 теңгені құрайды, орташа есеппен өсім – 20%. Қазір өңірге байланысты баға 230 теңгеден 260 теңгеге дейін болып тұр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз