Жастар қайсарлық танытты

Есбол ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешеніде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар» атты мектеп оқушылары арасында сайыс өткізілді.

Алдымен округ әкімі Абзал Рамазанов жастардың бойындағы патриотизмді қалыптастыру жөніндегі айта келе, мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шара жүргізушісі Абылай Смағұлов өткізілгелі отырған сайыстың ережесін түсіндіріп өтті.
Сайыс 3 кезең бойынша өтті. Алдымен, уақыт көрсеткіші бойынша автомат шашып, жинаудан, одан соң турникке тартылудан және кір тасын көтеруден сынға түседі.
Сайысқа Айбол Масалимов, Ғабиден Біләлов, Нұрбол Есенов төрелік етіп, қатысушыларды бағалап отырды.
Тартысқа толы бәсекеде мықтылар үздіктер қатарынан көріне білді.

Атап айтсақ, Жамбыл орта мектебінің оқушысы Ернұр Қайыржан І орын, Қ.Есқалиев атындағы орта мектеп оқушысы Ерасыл Нәубиев ІІ орын, ал, Есбол орта мектебінің оқушысы Рахат Қорғанғали ІІІ орынға ие болды.
Сонымен қатар, Жамбыл орта мектебінің оқушысы Жандос Ғабит, Қ.Есқалиев атындағы орта мектеп оқушысы Рамазан Ахметов, Есбол атындағы орта мектеп оқушысы Ерасыл Қайырғали арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521