Жас палуандар жарады

Тәуелсіздіктің 30 жыл толуына орай еркін күрестен Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының ашық біріншілігі мәресіне жетті.

Көршілердің жасөспірімдер арасындағы додасына индерлік палуандар да бақтарын сынап, табысты оралды. Атап айтқанда жас ерекшеліктеріне орай индерлік Ниязбай Мухсин 1 орынды жеңіп алды, әрі жарыстың ең жас палуаны (суретте) атанды. Сондай-ақ Қасымхан Дуатов (Елтай) та алтын жүлде иеленсе, Бірлік Алмасұлы (Бөдене), Қанат Исмаил (Ынтымақ), Ерболат Ерхан (Елтай) күміс, Құдірет Ескендірұлы (Бөдене) мен Марат Темірлан (Индер) қола жүлде ұтып алды. -Жарысқа 2009-2015 жылғы жас палуандарымыздың бағын сынап көрдік. Бұл өз кезегінде палуандарымызды шеберлігін шыңдауда жақсы тәжірибе болды, - дейді аудандық балалар спорт мектебінің аға бапкері Салауат Қыраубаев сөзге тартқанымызда.

 

С.БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT