Ораза айт мейрамына орай Индер балалар- жасөспірімдер спорт мектебінде футзалдан 35 жастан жоғарыларға арналған жарыс өтуде.
Теңбіл доп сайысына ауыл футбалистерін қосқанда барлығы 8 команда қатысуда. Жарысты ұйымдастырушы 1970 жылғы туғандардың бірі Асқар Мұқсиев:
-Барша индерліктерді Ораза айт мейрамымен құттықтаймын. Барлық дұға-тілектер қабыл болғай. Арнайы мейрамға көңіл-күй сыйлап жатырмыз. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін,- дейді бізбен әңгімесінде.
Жалпы жеңімпаздар арнайы кубок пен медаль және ақшалай сыйлықпен марапатталады. Әзірге ойын тартысты өтуде.
Ж.Ісім