Онлайн ойынның озаттары

Индер ауданында мұғалімдер арасында тоғызқұмалақ пен шахматтан жарыс тұңғыш рет қашықтықтан өткізілді. Зияткерлік сайысқа аудандағы он бес мектептен барлығы жиырмаға жуық мұғалім үйде отырып бақ сынасты.

Ұлы Жеңістің 75 және А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орайластыр ған жарыс мұғалімдердің шығармашылық сарайының ұйытқы болуымен ұйы мдастырылды. Аталмыш турнир «www.iggamecenter.com» сайты арқылы өтті. Алдын-ала тіркеуден өткен кез келген ойыншы сайтқа кіріп, қарсыласымен онлайн желіде сайысқа түсті.

Ойынның бас төрешісі аққалалық Амангелді Мұратовтың айтуынша, онлайн ойын сайыскерлердің қызғушылығын оятқан.

-Турнир тұңғыш мәрте онлайн желісі арқылы өткенімен, ештеме кедіргі болған. Қайта уақыт жағынан ұтымды әрі тиімді болды. Жалпы турнир алғаш рет өткенімен, қатысамын деушілер аз болмады,- дейді төреші.

Турнир қорытындысы бойынша тоғызқұмалақтан бірінші орынды Марсель Тұңғатаров («Көктем» қазақ о/м) еншіледі. Жүлделі екінші орын Сабит Меңдігереевке (Ш.Уәлиханов о/м), үшінші орын Ерболат Абылхатиев пен Ерлан Умирбековке (С.Сейфуллин о/м) тиесілі болды.Ал әйелдер арасында жүлдегер сапынан Ақерке Фазылова (Қ.Абаханов о/м) Арманай Талғатова, Нұргүл Құлшықова (Аққала о/м), Нұргул Қабдешова («Көктем» қазақ о/м) көрінді.

Келесі шахматтан бірінші орын Абылайбек Халықовқа (көп бейінді а/ш колледж) бұйырса, екіншіні Мұрат Төлегенов, үшіншіні Дулат Жапаров (Ш.Уәлиханов о/м) пен Думан Жүндибаев (М.Мөңкеұлы о/м) қанағат тұтты.

Сонымен жүлдегерлерге әзірге марапаттары электронды нұсқада жіберіліп кейін қолдарына тапсырылады.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521