Индерлік Ерлан Өтепов Токио Паралимпиада ойындарына жолдама алды.

Бүгін тағы бір қуанышты жаңалық, атыраулық парадзюдошы Ерлан Өтепов Токио Паралимпиада ойындарына лицензия еншіледі, -деп хабарлайды Atyrau Sport.

Күні кешеге дейін паралимпиадалық ойындарға қатынасуы белгісіз болған жерлесіміз Ерлан Өтепов атыраулық 6 спортшының бірі болып Токио Паралимпиада ойындарына қатынасу жолдамасына қол жеткізіп отыр. Жерлесіміз аталмыш спорт бәсекесінде парадзюдодан 100 кг салмақ дәрежесінде бақ сынамақшы.

Соңғы үш жыл қатарынан аталмыш спорт түрімен шұғылданып жүрген Ерланның бапкері Нариман Нұрашевтың айтуынша Ерлан нағыз бабында тұрған көрінеді.

Ендеше азаматқа ақ жол тілеп, көк байрағымызды көкте желбіретіп, әнұранымызды асқақтатып Дендер топырағын тағы бір мәрте танытып келсін дейміз.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT