ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕ НҰРБЕРГЕН ЕРЛЕДІ

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА ЕРКІН, ГРЕК-РИМ ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІЛІГІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ. ДҮБІРЛІ ДОДАДА 23 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ЖАСТАР МЕН 15 ЖАСКА ДЕЙІНГІ ЖАСӨСПІРІМДЕР КҮШ СЫНАСТЫ. ӘРБІР ОБЛЫСТЫҢ ҮКІЛЕГЕН ҮМІТІ БАС ҚОСҚАН ДОДАДА АТЫРАУ ОБЛЫСЫ КОМАНДАСЫНЫҢ САПЫНДА АУДАНЫМЫЗДЫҢ 10 ПАЛУАНЫ (3 ҚЫЗ БАЛА, 7 ҰЛ БАЛА) КҮРЕСТІ. НӘТИЖЕСІНДЕ 41 КЕЛІ САЛМАҚ ДӘРЕЖЕСІНДЕ НҰРБЕРГЕН АМАНДЫҚҰЛЫ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.

Нұрберген Амандықұлы – Есбол ауылының перзенті. Қазіргі таңда Алматы қаласында Қаркен Ахметов атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мектеп-колледж спорт интернатында тәлім алуда. Ал жеке бапкері Жантөре Қуанғали осы шәкіртін Есбол ауылынан тәрбиелеп шығарды. Қазір ол Атырау қаласындағы мамандандырылған балалар спорт мектебінде шәкірттерін тәрбиелеуде.

– Бұған дейін облыс командасы сапында ауданымыздан бір мезгілде 6-7 палуан белдескен кездер болды. Ал 10 палуан бірдей күрескен кезі бол- мап еді. Бұл аудан еркін күресі спортының жақсы дамығанын байқатады. Әрине, Қарағанды кілемінде шәкірттеріміздің бәрі бірдей жүлдеге жете қоймағанымен, жақсы белдесулерімен көзге түсті. Алдағы уақытта жүлдені молырақ иеленуге күш салатын боламыз, – дейді аудандық балалар спорт мектебінің еркін күрес бөлімінің аға бапкері Салауат Қыраубаев.

С.БАЗАРБАЕВ

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT