Іргетасы өткен ғасырдың 1965 жылы, яғни Индер ауданы қайтадан өз алдына дербес аудан болып бекітілген кезеңдерде қаланған орталықтағы Д.Қонаев көшесінің бойында орналасқан қос қатарлы ғимараттың сәні кетіп, осында орналасқан мекемелердің жұмыс жасауына қиындық туғызып жүргені сан мәрте көтерілген болатын.
Алғашқыда «Аленка» балабақшасы болып құрылған мекеме еліміз тәуелсіздік алған жылдары тарап тынып, оңтайландыру мақсатында бірқатар мекемелер орналасқан болатын.
Енді, міне, Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтың қолдаумыен тиісті қаражат бөлініп, Индербор кенті әкімдігінің тапсырысы негізінде «Тенгиз Транс Қазақстан» ЖШС аталған ғимаратты күрделі жөндеуден өткізді.
Бүгін сән-салтанатымен ашылған ғимараттың ашылуына аудан әкімі Серік Нысанбаев құттықтады.
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, халыққа қызмет ететін мекемелердің талапқа сай жабдықталуы тиіс болатын. Міне, осыған орай өздеріңіз куә болып отырған ғимарат күрделі жөндеуден өткізілді. Ендеше осында орналасатын ұжымдар мен мекемелер игілігін көріңіздер, халыққа көрсеттетін қызметтеріңіз табысты болсын,-деді.
Бұдан соң жағымды жаңалықтың куәгерлері ғимарат ішін аралап көрді.
Айта кетейік, аталған орында Индербор кенті әкімі аппараты, қаржы және экономика бөлімі, балалар кітапханасы, аудандық мұрағат, жартылай күндізгі стационар мекемелері орналасқан.





