«Атырау» - Премьер-лигаға жолдама алды

Футбол сүйер қауым үшін биылғы футбол маусымын бірінші лигада өткізген «Атырау» клубы ел чемпионатының аяқталуына екі тур қалғанда Премьер-лигаға жолдама алды.

Жерлестеріміз 12 турда Қарағандының «Шахтер-Болат» командасын 3:2 есебімен жеңді. Бірінші лиганың ІІ конференция тобында өнер көрсетіп жүрген атыраулықтар осыған дейін өткізген 10 кездесуінің сегізінде жеңіске жетіп, тек екеуінде ғана тең ойын көрсетті. Әзірге 26 ұпай жинаған мұнайшылардың біріншілік соңына дейін әлі екі ойыны бар.

Осындай жағдай біріншіліктің І конференция тобында да қайталануда. Яғни, Ақтөбе қаласының «Ақтөбе» командасы екі тур бұрын алдын-ала жеңімпаз атанды. Осылайша, келер жылдың футбол маусымында «Атырау» және «Ақтөбе» командалары Қазақстанның Премьер-лигасында бақтарын сынайтын болды.

Барша атыраулық жанкүйерлерді сүйікті командамыздың жоғарғы лигаға оралуымен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!

atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521