100 форма, 100 доп табыс етті

Ауданда 2016 жылдан бері "Іскер" компаниясының қолдауымен баскетболдан мектеп лигасы өтіп келеді. Аталмыш компания жақында аудандағы мектеп лигасы командаларының әрқайсысына 10 дана доп, 10 данадан спорттық формасын табыс етті.

Осы орайда спорт кешенінде арнайы шара ұйымдастырылып, аудандық білім және спорт бөлімінің басшысы О. Ділмұқашева аталмыш компанияға индерлік спортшылар атынан ризашылығын жеткізді.

- Бізге табыс етіп отырған әлемдік брэнд «TORRES» компаниясының доптары өте сапалы. 2016 жылғы берілген осы маркалы доптардың да әлі міні құрыған жоқ. Спорттық киідері де «PEAK SPORT» фирмасынан шыққан сапалы, -дейді мектеп лигасының аудандағы кординаторы Сабит Меңдігереев.

Жаңа оқу жылы маусымынан бастап 7-8 және 9-10 сыныптар арасында ұйымдастырылып келеді. Ауылдан келіп қатысатын омандалардың жол ақысы бәрі қаралған. Әрі төрешілеріне ақысы төленеді. Өкінішке орай осындай жағдай туғызса да кейбір командалардың қатыспай қалатындары кездеседі екен. Жеңімпаздардың облыстық жарыстарына да барлығы қамтылып отыр. - Ауданнан үздік шыққан бірқатар бала «Атырау барыстары» академиясында табысты өнер көрсетуде.

sport12

Мысалы, 2006 жылғы балалар арасында Лисаковск қаласында - өткен республика чемпионатында Атыраудан жасқталған қос команда қарсыластырының бәрін ұтып, өзара финалда жеңімпазын анықтаған екен. Оның ішінде Бақтығали Болатбек, Кенжалиев Асанәлі басты команда да ойнап, жеңімпаз танылса, Какимзада Әлихан келесі команда сапында жүлдегер атанды.

- Осыдан 5-6 жыл бұрын аудан командасы облыстағы ең соңғы орындардың бірінен көрініп жүретін болса бүгінде қарсыластар бір топта Индермен қайдан түстік дейтін дәрежеге жетті, - дейді М.Әуезов атындағы орта мектептің пән мұғалімі Бейбіт Оспанов.

Бүгінде ауданда М. Әуезов пен Ш.Уәлиханов атндағы орта мектептер алғашқы орынды ешкімге бермесе, ауылдықтардан Қ.Есқалиев Жамбыл, М.Сиранов атындағы мектептердің командалары да жақсы қырынан көрінуде екен.

С.БАЗАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21