Қыста құтқарған балық – жазда олжа

Аудан көлеміндегі су тоғандарындағы балықтарды оттегімен қамтамасыз ету мақсатында мұз ойылып, құтқару шаралары жүруде. Оған біз аудан әкімі С.Арыстанның тапсырмасына сәйкес,  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына қарасты Индер инспекциясының бөлімі басшыларымен бірге су тоғандарын аралап өткенде куә болдық.

– Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының шекарасы Шабдаржап ауылынан бастап Жайық өзенінің бойымен төмен қарай Махамбет ауданы шекарасындағы Атамбаев  елді мекеніне дейін, жалпы ұзындығы 147 шақырымды құрайтын Жайықтың арнасымен қоса барлық қарасулар, көлдер мен басқа да су тоғандарын бақылау – біздің салалық бөлімнің құзырында, - дейді Индер инспекциясы бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Жасен Жолдасқалиев.

Осы аралықтағы  Жайық жағалауында барлығы  21  көл бар екен. Атап айтқанда,  Көктоғай ауылдық округінің аумағында Ақтөбе, Редянка, Разбойное, Өрлікте Қараағаш, Павловское, Церковное, Есболда Қызыл-Жар-1, Елтайда Үлкен және Кіші Қарасу, Безымянное №1, 2,   Индербордың  маңында  Бирючье, Бөденеде Қарт Жайық, Жарсуатта Қызыл-Жар-2, Молымбет, 5-ауыл мен 6-ауыл ескі арнасы, Добия және тағы басқа да шағын көлдер бар. Былтырғы жылы осы көлдердің  17-сіне өр суы құйылыпты.  Көлдердің бірқатары келісімшартпен иелікке берілсе, қалғаны жоспарлануда екен.

– Қазіргідей қысқы мезгілде Жайықта ағын қатты болғандықтан, қатпай жатқан жылымдар бар. Ал аталған көлдердің бәрін мұз басады. Бұл  тұтас қатқан мұз қабаты судағы оттегінің ауадағы оттегімен толығуына үлкен кедергі жасайды. Оттегінің мөлшерлерінің жетіспеушілігінен балық қырылып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан  балықтарды тұншығудан сақтау үшін мұзын ойып, оттегі алмастыру жұмыстары өте маңызды, - дейді аталмыш инспекция басшысы.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәулет Есетов айтып өткендей, өткен жылы балық қорғау саласындағы енгізілген өзгерістерге сәйкес өзен бойындағы балық қорғау шараларын жүргізу ішінара жергілікті атқарушы органдарға берілген. Осы орайда  бөлімнің бас маманы Абай Әбдіровке бұл міндеттер қосымша жүктеліп, жұмыстар атқарылуда. 

Көктоғай округіндегі көлдерді «Еламан» шаруа қожалығының басшысы    Ерболат Айманакумов келісімшартпен иелікке  алған екен. Бүгінде оттегі алмасуға мұзын ою жұмыстарын атқарып отыр. Алайда көлдердің күрмеулі мәселелері де көп көрінеді. Мысалы, Көктоғай ауылдық округінің әкімі Мәмбетқали Құсайыновтың айтуынша, соңғы жылдары Жайықтың өз дәрежесінде тасымауынан қарасуларға су жеткілікті деңгейде құйыла бермейді. Оның Жайықтан су құяр жердегі жыралары бұрын кісі бойламайтын болса, бүгінде бітеліп  келеді. Сондықтан оны дер кезінде аршу жұмыстары қажет көрінеді.

Ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абай Әбдіровтен білгеніміздей, былтырғы жылы да 8 су тоғанынан уақ шабақтарды құтқару жұмыстары жүрді. Атап айтқанда,  «Гумаров» шаруа қожалығына қарасты қарауындағы Бирючьеден – 12 мыңнан аса,  кәрі Жайықтан – 78 мың,  Қызылжардан –11500, барлығы  – 102 мың уақ шабақ құтқарылып, Жайыққа жіберілген. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Сәуле Рустамбетованың  ұйымдастыруымен Безымянное №1 және  №2 көлдерінен, барлығы 8 су тоғанынан – 150 мың уақ шабақ құтқарылған.

Балықтарды қорғау бағытында да жұмыстар күшейтілуде. Салалық инспекцияның басшысы Ж.Жолдасқалиевтың айтуынша,  аталмыш бөлім аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесіп балық аулау ережелерін, оған баратын жолдарды анықтау жұмыстарын жүргізу және профилактикалық шаралар ұйымдастыруда. Заңсыз балық аулаушылардан броконерлік мақсатқа арналған 145 дана иесіз ау құралдары және  8 қолдан жасалған корыта (қайық) тәркіленіп, өртеліп жойылған.

Биылғы қыста балықтың тұншығу фактілері тіркелмеген. Мұз астына оттегі жіберу шаралары мұз ерігенше жалғаспақ.

Саламат БАЗАРБАЕВ.

дарын аралап өткенде куә болдық.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT