Президент қазақстандықтарға кредит беруді шектеуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу агенттігіне кредиттік ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға қатысты қосымша шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент азаматтарға кредит беруді шектеу қажет деп санайды. "Қаржы секторында тұтынушылық сегмент пен бизнесті несиелеу арасындағы теңгерімсіздік теріс фактор болып қалып отыр. Тұтынушыларды тоқтаусыз, кейде тіпті жауапсыз несиелеуді нормативтік тұрғыдан тежеу қажет. Мұның соңы үлкен әлеуметтік салдарға әкеп соғуы мүмкін", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында жыл сайынғы жолдауын жария ету барысында. Мемлекет басшысы азаматтардың қаржылық сауаттылығының төмендігі оларға кредиттік өнімдерді таңуға себеп болмауы керек екенін айтты.

"Биыл менің тапсырмам бойынша заңнамалық және нормативтік база өзгертілді. Қарыз алушының төлем қабілеттігін бағалауға қойылатын талаптар қатаңдатылды. Бұрын тұтынушылық қарызды оңды-солды берген микроқаржы ұйымдары, ломбардтар мен басқа да қаржы мекемелері мемлекеттің бақылауына алынды. Бірақ, тәуекел әлі де сақталуда. Әсіресе, дағдарыс пен халықтың табысы азайған кезеңде", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу агенттігіне кредиттік ұйымдардың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ, кредиттер бойынша шекті мөлшерлемені төмендету және саралауға қатысты қосымша тұрақты шаралар қабылдауды тапсырды. Ол ақша-несие саясатына деген сенімді арттыру да маңызды мәселе екенін атап өтті.

Осыған байланысты ұлттық банк құрылымында ақша-несие саясаты комитетін құру туралы шешім қабылданған. Оның құрамына тәуелсіз сарапшылар да кіреді.

azh.kz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика