Назарбаев кімдерге зор құрметпен қарайтынын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев көмір өндірісінің индустрияны дамытудағы маңызын атап өтті.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеншілерді кәсіби мерекеме құттықтады. "Құрметті көмір өндіру саласының еңбеккерлері мен ардагерлері! Сіздерді Шахтер күнімен құттықтаймын. Мен кеншілерге әрдайым зор құрметпен қараймын, өйткені шахтер еңбегінің бейнеті маған жақсы таныс. Бұл мамандық қашанда темірдей төзім мен жауапкершілікті, жанқиярлық пен қайсарлықты талап етеді. Сондықтан да сіздер қажырлы еңбектеріңіз арқылы қоғамда шынайы құрметке бөленіп келесіздер", - делінген құттықтауда. Назарбаев көмір өндірісі біздің индустриямыздың берік негізі екенін нық сеніммен айтуға болатынын атап өткен. "Бұл саланың еңбеккерлері оны дамытуға қосқан қомақты үлестерін, өз жұмыстарының нәтижесін орынды мақтаныш ете алады. Алдағы уақытта да отандық экономиканың тиімді өркендеуіне және елдің энергетикалық әлеуетінің нығаюына атсалыса бересіздер деп кәміл сенемін", - дейді ол. Назарбаев кеншілерге мықты денсаулық, табыс пен игілік, отбасыларына бақ-береке тіледі.

Мат:Әлеуметтік желіден алынды

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика