Мүмкіндік молая түспек

Мүмкіндік молая түспек Мемлекет басшысының мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қоюы еліміздегі саяси реформалардың іске асуының айқын көрінісі.

Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауды пропорционалды бағытта өткізу сайлаушылар, депутаттар үшін де бірқатар қолайсыздықтар тудырды. Себебі, халық жеке депутаты емес, партияны сайлады. Ал, тұрғындар бұрынғы дәстүр бойынша өздерін толғандырған мәселені жеткізу үшін өз депутатарын іздеді. Партиялардағы депутаттардың да белгіленген нақты округтері болмады. Сондықтан, жауапкершілікті де аса сезінбеді. Осының салдарынан көп мәселелер назардан тыс қалып, жұртшылықпен мәслихаттардың арасында түсінбеушіліктер орын алды. Бұл олқылықты көре, түсіне білген Президентіміз өз жолдауында, аудандық, қалалық деңгейдегі мәслихат депутаттарына тек бір мандаттық тұрғыда толықтай мажоритарлық, ал облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жартылау пропорционалды, жартылай мажоритарлы форматта өтуі керектігін айтты. Мәжілістің де 30 пайызы бір мандатты депутаттар болуы керектігін жеткізді. Бұл жаңалық халықтың талқысына салынып, кейін референдумда бекітілді. Ал, жалпыхалықтық талқыға салынған саяси реформаның топтамасы референдум өткеннен кейін заңды күшіне енді. Міне, содан соң Президент, Сенат сайлаулары өтті. Енді Ата заңға енген өзгерістерге сәйкес, бұрынғы сайланған мәжіліс те, мәслихат та заң талабына сәйкес келмейді. Сондықтан, олардың жұмысы тоқтатылып отыр.

Партияларды тіркеуде де әлдеқайда жеңілдіктер қарастырылған болатын. Қазіргі кезде елімізде, жалпы қоғамда ресми 7 саяси партия бар. Алдағы сайлау науқанының ерекшелігі сонда. Өйткені, көппартиялы және барлық партияға бірдей мүмкіншілік беріледі. Яғни, ендігі жерде халықтың үніне құлақ асып, мүддесін қорғайтын мүмкіндік мол. Сол себепті, билікің барлық тармақтары жаңарған соң Жаңа Қазақстанды құру жұмыстары жандануы тиіс.

 

Сайын ҚУАНЫШЕВ,

«Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты»

Сайлау

ybory-2023-price

Форум

b

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика