Атырауда жастар арасындағы құқықбұзушылықты азайту жолдары талқыланды

Атырауда облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында еркін форматтағы кездесу өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кездесуге облыстық мәслихат депутаттары, әкелер кеңесі, полиция департаментінің өкілдері, білім беру ұйымдарының мамандары және қоғам белсенділері қатысты.

Жиынға Атырау облысының прокуроры Бауыржан Жұмақанов арнайы қатысып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда жастармен жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

– Жастар тәрбиесі – ел болашағының негізі. Құқықтық сауаттылықты арттыру, жастарды теріс әрекеттерден сақтандыру  тек құзырлы органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Осындай ашық пікір алмасу алаңдары жастармен тікелей байланыс орнатуға, мәселелерді бірге шешуге мүмкіндік береді, – деді ол.

Фасилитациялық форматта өткен іс-шара барысында қатысушылар құқықбұзушылыққа әсер ететін негізгі факторларды атап, оларды азайту жолдары бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT