Атырауда қанша дауыс беруші тіркелген?

Атырау облысында республикалық референдумды ұйымдастыру ҚР Орталық референдум комиссиясымен бекітілген календарлық жоспарға сәйкес ұйымдастырылуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Комиссия мүшелеріне арналған оқыту семинарлары кезінде барлық 2037 референдум комиссияларының мүшелері оқытудан өтті. Өңірде 9 аумақтық (63 мүше), 274 учаскелік (1974 мүше) референдум комиссиялары оларда барлығы 2037 комиссия мүшелері бар. Облыста 274 референдум учаскелері бар, олардың 11-і азаматтардың уақытша болу орындарында құрылған (9 емдеу мекемелері, 1 тергеу изоляторы, 1 әскери бөлімше). Атырау облысында республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 411880 азамат тіркелген.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521