Тәуелсіздікке тарту

"Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй" деп айтылғандай, «Бөдене- Мәдениет» ұжымы мен көркемдік жетекші Сағидолла Нәсиполлаұлының ұйымдастыруымен Қазақстан Республика Тәуелсіздігінің -30 жылдығына орай өткізілген « Тәуелсіздік –ел мұраты, Бабалар аманаты» атты мерекелік концерт өткізілді.

Мерекелік кешті жазушы, композитор, өнер танушы Қазақстан және Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Илья Жақановтың «Еділ мен Жайық» әнімен Халқаралық, республикалық байқаулардың бірнеше дүркін бас жүлде иегерлері –« Әсем әуен» дәстүрлі әншілер ансамбілі ашты.

Шара аясында ауыл, аудан өнерпаздары бірнеше байқаулардың жүлдегері аудандық мәдениет үйінің әншісі Мұрат Жұмашев, аудандық мәдениет үйінің әншісі Олжас Аққалиев, Өнер мектебінің мұғалімдері Жайық Орынбасар мен Айдар Досымов, «Әсем әуен» дәстүрлі әншілер ансамбілінің жетекшісі, « Алаш ұстазы» медальінің иегері Гүлбаршын Өрбісінқызы « Бөдене- Мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Нұрлыбек Қабдрахманов орындауларындағы халық жүрегінен орын алған Арыс жағасында, Қайықта, Сәйгүлік, Биіктік, Ағаларым секілді ескіде есті әндер шырқалды.

Шара бастан аяқ аудан өнерпаздарынан құралған вокалды аспаптар ансамбілі сүйемелдеуімен өтті. Өнерге шөлдеген ауыл халқы мерекелік шарадан үлкен әсер алып, тамаша көңіл күймен тарасты.

Сәбит МАМАЕВ

Бөдене ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT