Сахна саңлағына құрмет

Аспандағыдан жердегі жұлдыздар көбейіп, ардан ақша қымбаттаған тұста сонау 1950-інші жылдан ауыл өнерін  өшірмей өрге сүйреп, Бүкілдүниежілік жастар мен студенттердің фестиваліне Қазақстан атынан қатысып  дипломат, ал бүкілодақтың байқаудың үш дүркін лауреаты атағын жеңіп алған әнші Ұлдай Аманғалиеваға аудан халқы құрмет көрсетті.

Аудандық мәдениет үйінде өткен шарада Ұлдай Аманғалиева өмірінен алынған трагедиялық мезетті бейнелеген «Ақ Жайық» халық театры (жетекшісі Шаида Оразғалиева) қойған қойылым шараны ерекше әрлендірді.

Сол бір соғыстың алдында сәбиі дүниеге келіп жатқанда ері Аманғали Сүйінәлиев өмірден өтіп бір қайғы, бір үміт астасқан көріністі тамашалап отырған көрермен арасынан «аналап» Ұлдай апа сахнаға тұра ұмтылғанда бүкіл зал еңіреп жібергендей күй кешті.


Осы сәтті әлгінде ғана мәдениет үйінің дәлізіндегі көрмеден көп жайға қаныққан көрермен одан әрі сахнадан сонау жылдарда Қазақ телевидениесі дайындаған «Әнші Ұлдай» туралы деректі фильмге көз тігіп, қайғыны қуанышпен әрлесе, «Индер-Мәдениет» КҚМК өнерпазы Айданақ Сағындық «Анашым» әнімен оны қол жетпес сағынышпен жалғады.Осы шараны ұйымдастырған аудан басшылығы атынан аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов сөйлеп, құттықтаса, танымал ақын «Құрметті журналист» Сансызбай Базарбаев өлең жолдарын оқымастан бұрын атақты Фариза ақынның өзі «Индерді мен Ұлдайдың әні арқылы таныдым» деген сөзін қайталап, тілегін арнады.

Сыйластық пен қимастық арнадан асып төгілген шығармашылық «Сахна саңлағы» атты кештің нүктесін өнерпаздар Бақыт Жайымова мен Қарлығаш Өтеуова шырқаған «Шәкірттер сәлемі» және жас Айгерім Нығметованың «Мерейтой» әні қойғандай көрінгенімен де мәдениет майталманына деген тілектер теңізі бұл күні бір толас таппады.

С.ХАЛЫҚОВ.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика