Махамбет ақынның даңқы мен өлеңдерінің асқақтығын, өміршеңдігін танытатын кезекті аудандық Махамбет оқулары Жарсуат ауылындағы Махамбет атындағы орта мектебінде өз деңгейінде өтті.
Үш бөлімнен тұратын аудандық байқауға 29 оқушы қатынасып, бірі ақын жырларын жатқа оқыса, енді бірі Махамбет бабасына арнаған тырнақалды туындыларын тебірене жеткізді. Күй тартысқа түскен оқушылар аз болса да, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау нәтижесі бойынша аудандық Махамбет оқуларының «Ел құтқарар ер едім» бағамы бойынша І орын М.Әуезов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы А.Тасқалиевқа (М.Әуезов о/м) бұйырды.
Ал екінші бөлім «Ұлы арман» атты ақынның күйлерін орындаушылардан қазылар алқасының шешімімен ІІІ орын А.Абылхатиева (С.Сейфуллин о/м) мен А.Бектасқызы (Махамбет о/м) иеленсе, келесі «Тартынбай сөйлер асылмын» өз туындыларын орындау бағамы бойынша І орынды Н.Иса (М.Әуезов о/м) еншіледі. Енді сайыстың үш бағамы бойынша үздік шығып, І орын алғандар Махамбет ауданында 16 қазан күні өтетін облыстық байқауда бақ сынайды.
Д.АЙБАР.