«Күшік күйеу»: инклюзивті театрдың кезекті қойылымы сахналанды

«Talshyn» инклюзивті театры «Күшік күйеу» спектакльін сахналады. Бұл өнер ұжымының қоржынындағы екінші қойылым. Бұған дейін «Бір түп алма ағашы» драмасымен көпшіліктің көзайымына айналған.

«Күшік күйеу» комедиясы қоғамдағы отбасы құндылықтарына негізделген. Ана мен бала, ауыл мен қала жастарының келбетін кескіндеп, жанұя тақырыбын қаузайтын шығарма. Қойылымға жиналған көрермендердің бір сәтте езуіне күлкі ұялатса, енді бір сәтте көзіне жас үйіртті.

Бұл шығарманы бастан аяқ мүмкіндігі шектеулі жандар сомдады. Олар 3 айдан астам үздіксіз дайындалған. Шығармашылық топқа актерлік шеберлік пен вокалдан арнайы жаттықтырушылар көмектескен.

«Talshyn» инклюзивті театры ТШО компаниясының демеушілігімен «Біз де адамбыз» Қоғамдық Қоры арқылы жүзеге асуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521