Елтайлықтар Елордаға барады

Қазақтандағы мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Рухани қазына - 2019» фестиваліне ауданымыздан Елтай мәдениет үйі жолдама алды.

Аталмыш фестиваль Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Қазақстан республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақ әуендері» АҚ ұйымдастыруымен іске асып отыр.

Жақында оның облыстық іріктеуінде халықты мәдени қамту, өнер түрлерін дамыту жұмысындағы зор табыстары үшін «Үздік ауылдық мәдениет үйі» номинациясы бойынша жерлестеріміз лайық деп танылды. Оның арнайы дипломын Елтай мәдениет үйінің директоры Бауыржан Ғабдысаматовқа облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Құмарғалиеваның қолымен табыс етіліпті.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиеваның айтуынша, Елордадағы фестивалға ауданымыздан жетістігі сай келген елтайлық өнер ұжымының ғана жолы түсіп отыр.

Ендеше, Елордаға аттанатын ауыл мәдениет үйі ұжымына сәттілік тілейміз!

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика