Атыраулық кәсіпкерлер тойханаға қатысты ұсыныс білдірді

Атыраулық кәсіпкерлер аймақ басшылығынан 50 адамға дейінгі салтанатты шараларды өткізуге рұқсат сұрайды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Олардың басты өтініші, барлық санитариялық талаптарды сақтай отырып, отбасылық салтанатты шараларды өткізуге рұқсат беру. Екіншіден, тойханалар мен мейрамханалардың коммуналдық төлемін төлеуде әкімдік  тарапынан қолдау болса дейді. Кәсіпкерлердің ұсыныстарын облыс әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Облыс әкімінің орынбасары көптеген елдерде коронавирус инфекциясының қайтадан өршіп жатқандығына тоқталды. Бизнеске мемлекет тарапынан және облыс әкімдігі де көңіл бөліп отырғанын ерекше атап өткен ол, әрбір азаматтың денсаулығы мен қауіпсіздігі негізгі назарда екеніне тоқталды. Қауіп-қатерді ескере отырып өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік үшін кезеңмен жеңілдету шаралары жасалып, сондай-ақ ел бойынша тойханалар мен мейрамханалардың қызметіне белгіленген талаптарға сәйкес рұқсат беру туралы мәселе талқыланып жатқанын айтты.      

Ал, облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Амантай Жұмағалиевтің айтуынша, қауіпті індеттің беті қайтпай, мұндай отбасылық шаралар ұйымдастыру аса қауіпті. Жергілікті қаулының республикалық қаулыны негізге ала отырып әзірленетінін де түсіндірді.  

Облыс әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов олардың ұсыныстарын ведомсвоаралық комиссияға қайта ұсынатынын айтып, кәсіпкерлік басқармасына нақты тапсырмалар берді.

- Жиналыста айтылған мәселенің бәрін хаттамаға түсірдік, соның негізінде жұмыс жасаймыз. Әрине, бұл бір күнде шешілетін мәселе емес. Пандемияның екінші толқынына байланысты әлемнің бірқатар елдерінде төтенше жағдай жарияланып жатқанын да білеміз. Соған қарамастан, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын қарастырамыз, - деді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Абдуахит Әбішев.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика