Атыраулық оқушылар Түркістанда Тәуелсіздік қойылымымен өнер көрсетеді (ФОТО, ВИДЕО)

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің көлеңке театры ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жаңа қойылымды дайындауда. Жаңа туынды Украинаның белгілі «Тэулис» көлеңке театрымен бірлесіп дайындалуда, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осыған орай мұнайлы өңірдегі Назарбаев Зияткерлік мектебіне «Тэулис» көлеңке театрының мүшелері, режиссер Виталий Сусловец пен актриса Алина Нименко келді. Олар бір апта бойы атыраулық оқушыларға көлеңкеде өнер көрсетуден сабақ береді. "Біз оқушыларға он жылдық тәжірибемізбен келдік. Әрине, бір аптада олар бәрін үйреніп кетеді деген сөз емес. Себебі бұл әуесқой әрі жас шығармашыл ұжым. Кәсіби мамандардың өздері де ұзақ жылдар дайындалады. Назарбаев Зияткерлік мектебінің көлеңке театрына біздер негізгі жаттығуларды, көлеңкедегі іс-әрекеттерді көрсететін боламыз», - деді «Тэулис» театрының режиссеры Виталий Сусловец.shetelОның айтуынша, оқушылар театрының құрамына акробатика және хореографиядан тәжірибесі бар балалар көбірек тартылуы керек. Себебі көлеңкедегі бейнені толық құрастыру үшін балалардың икемді болуы маңызды. Қойылымдағы бейнелер ұжымдық еңбек. Мұнда балалардың бір-бірін қолдауы маңызды. Бірнеше минуттық көрсетілімді дайындау үшін айлар бойы еңбек ету керек. Сондықтан күнделікті жаттығуларды үзбей орындау талап етіледі, дейді украиналық маман.

Шеберлікті дамытуға арналған курсқа Назарбаев Зияткерлік мектебінің көлеңке театрынан он оқушы және ұжым жетекшісі Арман Нығыманов қатысуда. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жаңа қойылымды дайындау үшін Виталий Сусловец туындының мазмұнына сәйкес музыкалық сүйемелдеуді таңдап, оқушыларға көлеңкедегі кейбір күрделі бейнелерді орындаудың тәртібін түсіндірді.

"Маған оқушылардың қызығушылығы ұнады. Оларда белгілі деңгейде дағды және жалпы көлеңкедегі қойылымдар туралы түсінік қалыптасқан. Бұл бізге олармен жұмыс істеуге едәуір жеңілдік беріп отыр. Мектеп әкімшілігі жылы шыраймен қарсы алып балалармен жұмыс жасауға барлық жағдай жасады», - деді әңгіме барысында Алина Нименко.

Атап өтейік, Украинаның «Тэулис» театрының өкілдері Назарбаев Зияткерлік мектептерінің драма үйірмесінің жетекшілеріне де өз тәжірибесін таратпақ. Қосымша білім беру педагогтарының кәсіби даму курсы өңірдегі зияткерлік мектепте апта аяғына дейін жалғасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521