banner_damu

Атырауда белгілі оркестр кино әуендерінен концерт берді

Атырауда Д.Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі SOUNDTRACK HITS жаңа жылдық концерттік бағдарламасын ұсынды. «Кино әлеміне саяхат» атты ерекше концерт Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында өтті деп хабарлайды ATPress.kz.

Кеште өнер ұжымы кино әлеміне саяхаттап, көпшілікке кеңінен таныс фильмдердегі үздік саундтректерді оркестрмен көркемдеп, көрерменге көңілді кеш сыйлады.
— Облысымызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл шара көптің көңілінен шықты деген ойдамыз. Тіпті, көрермендер кино әуендері ұсынылған бұл концертті тағы да тамашалағысы келетіндерін айтуда. Халық қаласа, неге орындамасқа?» дейді оркестрдің директоры Сағынтай Көпжасаров.
Директордың айтуынша, бұндай форматта концерт беру бірден ойға келе салған дүние емес. «Мерекелік кештер мен көпшілік шараларда оркестр репертуарына бір-екі саундтрек енгізіп, көрдік. Көрерменнің жылы қабылдағанын байқап, кейін кең көлемде арнайы концерт берсек деп жоспарлап, тыңғылықты дайындалдық. Нәтижесі жаман емес. Халықтың ықыласы керемет болды. Біз үшін басты мақсат — осы» дейді Сағынтай Көпжасаров.
Концертте оркестр алдыңғы және орта буынмен қатар, жастардың да сүйікті фильмдеріндегі саундтректерді фонограммасыз орындады.
Сондай-ақ шарада Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов оркестр ұжымына облысы әкімдігінің және ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің арнайы марапаттарын табыстады.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика