Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аудан әкімі Серік Арыстан ауданда түрлі салада басшылық қызметте еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді қабылдап құрмет көрсетті.
Әуелі аудан әкімі өз құттықтауында қыз-келіншектер нәзік жанды болса да, өздерінің бар ынта-жігерімен, отбасы ошақ қасы демей ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өсіп өркендеуіне белсене ат салысып жүргенін атап өтті. Одан әрімен құрмет төріндегі ел ағаларыда жылы лебіздерін арнады. Құттықтау соңы марапатқа ұласып, аудан әкімдігінің Құттықтау хаты мен шоқ гүлдерін айдау ару қыз-келіншектерге басшылық қызметте жүрген ер азаматтар тарту етті.
Марапатқа ие болғандар арасынан Ш.Уәлиханов, «Көктем» қазақ орта мектебінің директоры Айман Меңдігереева мен Орынша Ділмұқашева, аудандық сот төрағасы Дина Тұхфатова, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Меруерт Нұғыманова аудан басшысының жылы қабылдауы мен көрсеткен құрметіне алғыстарын білдірді.
Диас ҚАБИ.