Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен Атырау облысы аумағындағы көтерме және бөлшек сауда нысандарынан «Жеңіл өнеркәсіп өнім» сынамалары іріктеліп алынып отырады. Xaлықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруде жеңіл өнеркәсіптің игі ықпалы өлшеусіз. Қазіргі күні жеңіл өнеркәсіп саласының өнімдеріне деген сұраныс та жоғары және бұл азық-түлік тауарларын тұтынудан кейінгі екінші орында тұрған өнім болып отыр.
Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру барысында Кеден Одағының 017/2011 «Жеңіл өнеркәсібі өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті талаптарына сәйкес жасалуымен қатар осы Техникалық регламенттің талаптарына толық сәйкес келуі және олардың қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжаттары болуы тиіс.
Тұтыну барысында алдымен қарапайым өнімнің заттаңбасына мән беру қажет. Таңбалауға қойылатын талаптар:
Өнімнің таңбалануы тексеру және сәйкестендірілу үшін анық, оқылымды және қол жетімді болуы қажет. Таңбалану келесідей қажетті ақпараттармен қамтылуы тиіс:
- өнімнің аталуы;
- өндіруші елдің атауы;
- өндіруші не сатушының, немесе өндіруші уәкілетті тұлғаның атауы;
- өндірушінің не сатушының, немесе өндіруші уәкілетті тұлғаның заң бойынша мекен-жайы;
- бұйым өлшемі;
- шикізат құрамы;
- тауар белгісі (бар болған жағдайда);
- нарықта Кеден одағы мемлекеттер-мүшелерінің өнімге беретін біріңғай белгісінің болуы;
- өндірушінің кепілдеме міндеттері (қажет болған жағдайда);
- өндірілген күні;
- өнім партиясының нөмірі (қажет болған жағдайда).
Өнім түрлеріне байланысты салмақ, сұрыпы, үлгісі және т.б. көрсеткіштері көрсетіледі.
ТР ТС 017/2011 талаптарына сәйкес жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің таңбалануы анық, оқу және тексеру үшін түсінікті болуы тиіс. Сатып алу кезінде өнімнің таңбалануына, мемлекеттік тілде және орыс тілінде толық ақпарат болуына аса мән беру керек. Импорттық өнімдер үшін, өнім жасалатын елдің атауы, өндірушінің атауы және оның заңды мекен-жайы латын әліпбиінің әріптерімен рұқсат етілген. Тауарға бекітілген заттаңбада өндіруші және/немесе сатушы атауы, дайындалған күні, шикізаттың құрамы, сатушының мекенжайы (орналасқан жері),өнімнің өлшемі, өндірушінің мекен-жайы (орналасқан жері), Кеден аумағында тауар айналымының бірыңғай белгісі (ЕАС) және т. б. ақпарат болуы тиіс. Киім мен басқа да тоқыма бұйымдарын пайдалану кезіндегі күтім жасау ерекшеліктері жөнінде таңбаларға, нұсқаулықтарға, басқа да белгілерге назар аудару керек.
Сатушы тұтынушының талап етуі бойынша оған тауардың сапасын растайтын құжаттарды беруге міндетті.
Жоғары аталған мәліметтерді қаперге ала отырып, Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті облыс аумағындағы сатушыларға өнімдерді сату барысында Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын қатаң сақтауға, яғни өнімдердің мемлекеттік тілде заттаңбасы болуын, сақтау шартын, жарамдылық уақытын қадағалауға, ал тұтынушыларды өнімдерді сатып алу барысында аталған ережелерді басшылыққа алып, өнімнің заттаңбасына мән беріп, қауіпсіз өнім таңдауға шақырады.
Әлия Бекешева,
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары