Жемісті таңдай білесізба?

 

     Қазір жеміс-жидектерді жыл бойы ірі дүкендерден табуға болады. Бірақ маусымдық жеміс-жидектерді базар мен жәрмеңкелерден алса, экологиялық таза деп саналып, бағасы да арзанырақ шығады. Бірақ олар қаншалықты қауіпсіз? Таңдау кезінде нені ескеру керек? Жемістер мен көкөністерді қалй жуу керек?

     Қатаң санитариялық-эпидемиогиялық ережелер мен нормаларға қарамастан, базар да, дүкенде де тұрған жеміс-жидектерден инфекция жұқтыру қауіпі бар екенін түсіну керек. Өйткені әртүрлі қалалар мен елдерден жеткізілген жеміс-жидектер көкөніс қоймаларында біраз уақыт сақталады. Содан кейін көлікпен базар немесе дүкен сөрелеріне тасымалданады. Сонымен қатар сөрелер де химиялық өңдеуден өтетінін көпшілік біле бермейді.

    Қалай таңдау қажет? Бірінші сыртқы түріне назар аудару қажет. Түсі, қабығының сау болуы маңызды. Сондай-ақ шіру белгілерінің жоқтығына көз жеткізу керек. Әр жеміске тән иісі болады, содан бөтен иіс болмауы керек.

Жидектер мыжылған, піспеген, немесе езіліп кеткен, шірік болмауы керек. Ондай жемістер мен көкөністерден улану және ішік инфекцияларын жұқтыру қауіпі жоғары.

 Қазіргі жаз мезгілінде жиі тұтынатын өнімнің бірі қарбыз-қауын екені белгілі. Қарбыздағы химиялық қоспалармен, нитраттармен уланбас үшін нені ескерген дұрыс?

Өкінішке қарай, қарбыз тез пісу үшін нитраттармен жиі өңделеді.

Сондықтан қауіпсіздік үшін оны нағыз маусымы- тамыз айында сатып алған дұрыс. Жақсы қарбыздың қабығында сызат, жарық ойықтары болмайды. Қарбыздың іші ашық қызыл түсті болса, ол нитраттардың көп екенін көрсетуі мүмкін ол үшін сынақ жүргізуге болады. Қарбыздың бір тілімін суға салып, түсін қарау керек. Егер су бұлдыр болып кетсе, қарбыз қауіпсіз деген сөз. Ал су қызғылт түске енсе, қарбызды жемей-ақ қойған жөн.

    Жеміс жидектер мен көкөністердің витаминдер мен минералдардың көзі екені белгілі, алайда олардың дұрыс таңдалмаса адам өміріне қауіпті екенінін ескеріткіміз келеді. Сол себепті өнім таңдағанда сақ болуларыңыз  қажет.

 

Индер аудандық СЭББ жетекші маманы-Канапина Л.С

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT